Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Өтірік тілек жазбай ақ қойыңызшы": Танымал әнші мен айтыскер ақын дауласып қалды

"Өтірік тілек жазбай ақ қойыңызшы": Танымал әнші мен айтыскер ақын дауласып қалды
Коллаж: turkystan.kz

Әлеуметтік желіде әнші Yenlik пен айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақовтың арасында дау туып, тараптар бір-біріне жауап қатты, деп хабарлайды Kznews.kz.

Даудың басы Жандарбек Бұлғақовтың желідегі жазбасынан басталған. Айтыскер Yenlik орындайтын BIPL әнінің мәтініне қатысты пікір білдіріп, сын айтқан.

"Қарындасым, бағың жанып, бақытың ашылсын. Орындаушылығың мен даусыңа басқа кәсіби мамандар пікір айтар. Бірақ дәл мына мәтіннің мағынасы жоқ. Мен оны сөз түсінетін қазақ ретінде айтып отырмын. Өнерге келген екенсің елдің асыра мақтауына да, жігеріңді жаныған сыни пікіріне де дайын бол. Ішіміз ашығаннан емес, тілге жанымыз ашығаннан сөйлейміз", - деп жазған айтыскер.

Бұл жазбаны ауыр қабылдаған Yenlik қарымта жауап қайтарып, сынның жеткізілу тәсіліне де назар аудартты.

"Өтірік тілек жазбай-ақ қойыңызшы. Менің шығармашылығымды толық қарап шыққан болсаңыз, бұлай бір әніме қадалып қалмайтын едіңіз. Сыныңызды мысқылдап, келеке қылмай-ақ осылай бастасаңыз да болар еді. Мен сіздің айтыстарыңызды көріп, шығармашылығыңызды сыйлайтынмын. Бүйтіп жаныңыз ашымай-ақ қойсыншы", - деп жауап қайтарды Yenlik.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер