Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

ҰҚШҰ-ның бас хатшысы қызметіне Тасмағамбетовтің орнына кім келетіні белгілі болды

ҰҚШҰ-ның бас хатшысы қызметіне Тасмағамбетовтің орнына кім келетіні белгілі болды
Фото: ҰҚШҰ баспасөз қызметі

2026 жылдан бастап ҰҚШҰ-ның бас хатшысы Қырғызстан өкілі Таалатбек Масадықов болады. Бұл туралы Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Ушаковтың айтуынша, Масадықов 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының жаңа бас хатшысы қызметіне кіріседі. Ол қазіргі бас хатшы Иманғали Тасмағамбетовтің орнына келеді.

Қазір Масадықов ұйым бас хатшысының орынбасары қызметін атқарып жүр. Барлық ресми рәсімдер аяқталғаннан кейін ол өз құзыретін толық көлемде атқара бастайды. Ушаков сонымен бірге Тасмағамбетов 27 қарашада Бішкекте өтетін саммитте өңірлік қауіпсіздік мәселелеріне арналған баяндама жасайтынын, содан соң оған ҰҚШҰ-ның бірінші дәрежелі құрмет белгісі табысталатынын айтты.

Юрий Ушаков Тасмағамбетовтың 1 қаңтардан бастап қызметін тоқтататынын, ұйымдағы басшылық ауысымы мүше мемлекеттердің келісімімен жүзеге асқанын мәлімдеді.

Айта кетейік, Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ бас хатшысы қызметін 2023 жылдың қаңтарынан бері атқарып келеді.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі