"Шетел агенті": депутат сырттан қаржыландыру тетігін қайта қарауды ұсынды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

ҰҚК: Шымкентте көші-қон полициясының басшысы парамен ұсталды

ҰҚК: Шымкентте көші-қон полициясының басшысы парамен ұсталды
Фото: ашық дереккөздерден

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Шымкент қалалық көші-қон полициясы басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарған келген полиция полковнигі Жеңіс Әуелбековты пара алып жатқан сәтінде ұстады, деп хабарлайды kznews.kz.

Жүргізген жедел іс-шара барысында лауазымды тұлға делдал арқылы 100 мың теңге алып жатқан сәтінде қолға түскен.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, бұл қаражат Қытай азаматтарының құжаттарын рәсімдеу мәселесін "оң шешуге" жәрдем көрсету үшін алынған болуы мүмкін. Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Ресми органдар аталған жағдайға қатысты толық түсініктеме берген жоқ.

Айтпақшы, бұл оқиға Шымкент қалалық көші-қон полициясы басқармасының жоғары лауазымды қызметкерлеріне қатысты кезекті құқық бұзушылық дерегі болып отыр. Яғни, полиция полковнигі Жеңіс Әуелбеков қаржы бопсалау және сыбайлас жемқорлық сипатындағы айыптаулар бойынша ұсталған үшінші басшы екен. Ал осыдан бір ай бұрын басқарма бастығының орынбасары Нұрлан Сембаев алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, екі жылға бас бостандығынан айырылған еді. Сондай-ақ, 2024 жылдың сәуір айында көші-қон полициясының бұрынғы басшысы Сұңғат Түгелбаев шетел азаматтарынан бірнеше мәрте пара алғаны үшін сот үкімімен 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған болатын.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.