Жылдың алғашқы айында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылы аясында 126 қылмыстық құқық бұзу дерегі анықталған.
Оның ішінде 110 іс сыбайлас жемқорлық қылмысына жатады екен. Және өткен бір ай ішінде 89 адамның заңсыз қызметі тоқтатылған.
ҰҚК мәліметінше, анықталған құқық бұзушылықтардың басым бөлігі парақорлық, алаяқтық және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану деректерімен байланысты болып отыр.
Сондай-ақ, 129 қылмыстық істі тергеу аяқталып, оның 121-і сотқа жолданыпты. Аяқталған қылмыстық істер бойынша анықталған залал сомасы 18 млрд теңгені құрады. Оның 100 млн теңгеден астамы бюджетке қайтарылған.