Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

ҰҚК Ақтөбенің екі тұрғынын ұстады - Қылмыс

ҰҚК Ақтөбенің екі тұрғынын ұстады - Қылмыс

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері терроризмді насихаттады деген күдіктілерді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК сайтына сілтеме жасап.

"2018 жылғы 15 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі істер органдарының қатысуымен жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде радикалды діни нанымдарының негізінде терроризмді насихаттады, террористік топ құрды және оның әрекетіне қатысты деген күдікпен Ақтөбе қаласының екі тұрғыны ұсталды", - делінген ҰҚК сайтында.

Олардан тұрғылықты мекенжай бойынша қолдан жасалған жарылғыш құрылғылардың бөлшектері, атыс және суық қару, оқ-дәрілер, сондай-ақ экстремистік сипаттағы материалдар, соның ішінде ұрыс іс-қимылдарын жүргізу жөніндегі нұсқаулықтардың алынғаны айтылады.

Комитеттегілердің мәліметінше, 17 қарашада Ақтөбенің екі тұрғыны да сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Автор
Санжар