Тоқаев Қытайдағы алапат жарылысқа байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

ҰҚК: 3 айда жемқорлыққа қатысты 317 іс тіркелді

ҰҚК: 3 айда жемқорлыққа қатысты 317 іс тіркелді
Фото: ашық дереккөздерден

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі жылдың алғашқы айларындағы жұмыс нәтижесін жариялады.

Жалпы, ақпаратқа аса мұқият қарайтын құзырлы орган таратқан құрғақ статистиканың өзі жемқорлықпен күрес мәселесінің әлі де өзекті екенін көрсетеді.

ҰҚК дерегіне сәйкес, ақпан - сәуір айларының аралығында 317 жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылығы тіркелген екен. Оның ішінде пара алу, алаяқтық және қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану сияқты қылмыс түрлері жиі кездесіпті. 

Ал қылмыстық істер бойынша 226 адам күдікті ретінде танылып, 198 іс аяқталған. Оның ішінде 175 іс сотқа жолданған. Демек, ҰҚК тергеуінен өткен әрбір іс нақты жауапкершілікке ұласуы мүмкін дегенді білдіреді. Мұның артында жемқорлардың жемсауына жұтылған қисапсыз қаржы тұрғанын да аңдаған боларсыз. Мысалы, аяқталған істер бойынша ғана мемлекетке келген ақшалай шығын көлемі 4,2 млрд теңгеге жеткен көрінеді.

Жалпы, ресми орган бұл бағыттағы жұмыстың жалғасып жатқанын айтады. Бірақ, мысалға алынған нақты деректер жемқорлықпен күрестің жүйелі түрде жүріп жатқанына қарамастан, оның тамыры әлі де тереңде екенін көрсетіп отыр.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.