KZNews.kz
Қоғам

ҰОС-ның үш ардагеріне "Халық қаһарманы" атағы берілді

KZNEWS

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Құжатта 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі - "Халық қаһарманы" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі - Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылатыны айтылған. Оның ішінде:

Әбдібеков Төлеуғали Насырханұлы (марқұм) - 8-гвардиялық Қызылтулы атқыштар дивизиясы 302-гвардия атқыштар полкі 2-атқыштар ротасының мергені;

Несмиянов Александр Александрович (марқұм) - 126-Горловка Қызылтулы атқыштар дивизиясы 690-атқыштар полкі 1-атқыштар батальонының командирі;

Сүлейменов Ыбырайым (марқұм) - 100-бөлек атқыштар бригадасы атқыштар батальоны 2-бөлімшесінің мергені-бақылаушысы.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары