Үндістандық "Ченнаи Сити" клубының шабуылшысы Үндістан біріншілігінде Педро Манзи "Аиджала" қақпасына тамаша гол салды, - деп хабарлайды Eurosport.
Қақпашының алдыға қарай біршама шығып кеткенін байқап қалған футболшы, алаңның үштен бір бөлігінен қақпаға қарай шірене тепті. "Мұндай әдемі голдарды Ла Лигада не АПЛ-да көре бермейсің. Коментатордың өзі де шыдай алмай, осы сәтте айғайлап жіберді", - деп жазады басылым.
Педро Манзи - Уругвайда дүниеге келген испан футболшысы. Сұрмерген өнер көрсететін "Ченнаи Сити" клубы Үндістан чемпионатында көш бастап тұр.