Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Үндістанда вакцинасы мен емі жоқ өлімге әкелетін Нипах вирусының өршуі анықталды

Үндістанда вакцинасы мен емі жоқ өлімге әкелетін Нипах вирусының өршуі анықталды
Фото: Report

Үндістанның Батыс Бенгалия штатында аса қауіпті Нипах вирусын жұқтырудың 5 жағдайы анықталып, оның үшеуі осы аптада тіркелген, деп хабарлайды Kznews.kz.

Жергілікті билік ахуал бақылауда екенін мәлімдегенімен, инфекцияның таралу қаупі жоғары екені айтылып отыр. Анықталған науқастардың арасында дәрігер, медбике және медициналық мекеменің бір қызметкері бар.

Сондай-ақ Калькутта маңындағы жекеменшік ауруханада жұмыс істейтін тағы екі медбикеден Нипах вирусы табылған. Дәрігерлердің мәліметінше, олардың екеуінде де дене қызуы көтеріліп, тыныс алу жүйесінің қызметі бұзылған. Қазір науқастар оқшауланып, арнайы бақылауға алынған.

Денсаулық сақтау органдары ауру ошағында эпидемиологиялық тексеруді күшейтіп, науқастармен байланыста болған адамдарды анықтау жұмыстарын бастаған. Медициналық ұйымдарда қосымша сақтық шаралары енгізіліп, қызметкерлерге жеке қорғаныс құралдарын міндетті түрде қолдану талабы қойылған.

Мамандар Нипах вирусының арнайы емі жоқ, ал өлім-жітім деңгейі жоғары инфекция екенін ескертеді. Вирус көбіне жеміс жарқанаттары арқылы тарайды және кей жағдайда адамнан адамға жұғуы мүмкін. Ауру белгілеріне қызба, бас ауруы, әлсіздік, тыныс алудың қиындауы, ауыр жағдайда ми қабынуы (энцефалит) жататыны айтылады.

Сарапшылар алдағы күндері жаңа жағдайлар тіркелуі ықтимал екенін жоққа шығармай, тұрғындарды санитарлық талаптарды қатаң сақтауға және дәрігерлер ескертуіне мұқият болуға шақырып отыр.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер