Төрехан Сабырхан Қытай боксшысын 3 рет нокдаунға түсіріп, финалға өтті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Үндістан Маңғыстау облысына инвестиция салуға ниетті

Үндістан Маңғыстау облысына инвестиция салуға ниетті
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Асхат Оралов Қазақстан Республикасындағы Үндістан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Сайлас Тангалмен кездесті, деп хабарлайды kznews.kz.

Кездесу барысында тараптар көлік-логистика, өнеркәсіп, туризм, цифрлық технологиялар және мәдени-гуманитарлық байланыстар салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады.

Асхат Оралов өңірдің әлеуетін таныстырып, оның елдегі маңызды көлік-логистикалық және инвестициялық тораптардың бірі ретіндегі стратегиялық маңызын атап өтті.

– Маңғыстау облысы бүгінде Каспий маңындағы стратегиялық даму нүктесі ретінде қалыптасып, Қазақстандағы негізгі логистикалық және инвестициялық хабтардың біріне айналуда. Біз Үндістанмен жүйелі әрі ұзақ мерзімді әріптестікке ашықпыз және өнеркәсіп, логистика, туризм, жоғары технологиялық салалар және басқа да бағыттарда бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін барынша қолайлы жағдай жасауға дайынбыз. Маңғыстау облысына инвестиция салуға деген дайындықтарыңыз екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға және бірлескен бастамаларды табысты іске асыруға кең мүмкіндік береді, – деп атап өтті Асхат Оралов.

Кездесуде туризм саласын дамытуға да ерекше мән берілді. Өңірдің бірегей табиғаты, киелі нысандары және Каспий теңізіне шығу мүмкіндігі оның халықаралық туризм орталығы ретіндегі әлеуетін арттыра түседі.

Үндістан Елшісі Сайлас Тангал Маңғыстау облысының экономикалық және инвестициялық әлеуетіне жоғары баға беріп, үнді тарапының әріптестікті одан әрі нығайтуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытатынын жеткізді.

Жалпы Маңғыстау облысы мен Үндістан арасындағы өзара іс-қимыл оң серпін алып, сауда-экономикалық байланыстар тұрақты дамып келеді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы мен Үндістан арасындағы сыртқы сауда айналымының көлемі 4,7 млн АҚШ долларын құрады. Қазіргі уақытта өңірде үнді капиталының қатысуымен 19 кәсіпорын жұмыс істейді.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.