Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ұлытаудың шалғай ауылдарына таза су тартылды

Ұлытаудың шалғай ауылдарына таза су тартылды
Фото: Үкімет

Мемлекетке қайтарылған заңсыз капитал есебінен ауылдарды көркейту жұмыстары жалғасуда. Үкімет Ұлытау облысындағы елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету үшін Арнаулы мемлекеттік қордан қомақты қаражат бөлді, деп хабарлайды kznews.kz.

Қазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша заңсыз иемденілген активтер есебінен қаржыландырылатын әлеуметтік маңызы бар нысандар салу жобаларын жүзеге асыру жұмысы жалғасуда.

Үкімет Ұлытау облысында су құбыры желілерін тартуға Арнаулы мемлекеттік қордан 570 млн теңгеден астам қаржы бөлді.

Жаңаарқа ауданындағы Ералиев ауылдық округі мен Ақбастау ауылының №189 разъезіндегі құбыр құрылысына 274 млн теңгеден астам қаржы бөлінген.

Жаңаарқа ауданындағы Бидайық ауылдық округіне жаңа су құбырын тарту жоспарланып отыр. Бұл мақсатқа 296 млн теңге қарастырылған.

Жоба тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға және ауылдық жерлерде инфрақұрылым құруға бағытталған. Барлық жұмыс аяқталғаннан соң Жаңаарқа ауданында халықты ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі 100%-ды құрайтын болады.

Елімізде сумен жабдықтау қызметіне қолжетімділік қалалық елді мекендерде 99,4%-ды, ауылдық жерлерде – 97,8%-ды құрайды. Ұлытау облысында ауыз сумен қалалар 100%, ауылдар 97,3% қамтылған.

Автор
Абзал Бахытжан

Абзал Бахытжан