KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Ұлытау облысындағы LED-экрандарда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына арналған мерекелік бейнематериалдар көрсетіле бастады

• Азамат Қойшығара
Ұлытау облысы әкімдігі

Өңірдегі LED-экрандар мен ақпараттық құрылымдарға айтулы датаға арналған тақырыптық көрнекі материалдар орналастырылды, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты.

Өңірдің орталық көшелері мен қоғамдық орындарында орналасқан экрандардан Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған мерекелік бейнематериалдар көрсетіліп жатыр.

Мерекелік безендіру жұмыстары тұрғындарға мерекелік көңіл күй сыйлауға және ел тарихындағы маңызды датаның мәнін айшықтауға бағытталған.

Еске сала кетейік, биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығын атап өтеді.

Азамат Қойшығара
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда т...
Автордың басқа материалдары →