2019 жылдың наурызында қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Кремльде жеке кешін өткізбек. Бұл туралы әнші өзінің Instagramдағы парақшасында жазды.
«Мәскеу. Мемлекеттік Кремль сарайы, Ұлыстың ұлы күні – 22 наурызда жеке кешімде көріскенше!», - деп жазды Димаш.
Мемлекеттік Кремль сарайының ресми сайтындағы дерекке сүйенсек, Димаштың кеші 22 наурыз күні сарайдың Үлкен залында 19:00-де басталады.
«Қазақстандық талантты, жас әнші Димаш Құдайберген азғантай ғана уақыт ішінде әлемді бағындыра алды. Бүгінде оны әлемнің түкір-түкпірінен миллиондаған халық тыңдайды. Жас талант ең алдымен қытай сахнасын бағындырды. Дауысының диапазоны – 6 октава. Ән айтудың қыр-сырын меңгерген.
2018 жылдың қарашасында Димаш алғаш рет Мемлекеттік Крмель сарайында «Любовь уставших лебедей» әнін шырқады», - делінген афишада.