Қызылордададағы жантүршігерлік жол апаты: Күдіктіге қатысты тың дерек шықты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Ұлым ұрды” деген 90-дағы қария сотта ақыл-есін жоғалтты

“Ұлым ұрды” деген 90-дағы қария сотта ақыл-есін жоғалтты
Фото: Alash.kz

биыл жазда Әділхан ақсақал өз үйінде кенже ұлының ұрып-соққанын, ас-сусыз қамап қойғанын айтып, жұртшылыққа шағымданған еді.

Атырау облысында ұлының зорлығына ұшырадым деп мәлімдеген 90 жастағы Әділхан Сисеновтің денсаулығы күрт нашарлап, есте сақтау қабілеті төмендеген. Қария сот басталуын күтіп жүргенде болған оқиғаларды ұмыта бастаған, деп хабарлайды kznews.kz.

Қария түнде терезеден қашып шығып, туысының үйін паналаған. Қазір ол Қызылқоға ауданына қарасты Сағыз ауылында тұрады.

Қарияның қарындасы Кенжетай Сисенованың айтуынша, ағасы сол кезде үйден қашып шықпағанда, қайғылы жағдай болуы мүмкін еді. Ол қарияға ұлының қоқан-лоқы көрсеткенін де еске алды.

Әділхан ақсақалдың немересі Сәуле де атасының қазіргі жағдайына алаңдаулы. Оның сөзінше, қария сотқа өз аяғымен барып, басынан өткен оқиғаларды өзі баяндауды күткен. Алайда сот процесі созылып, қазір болған жайттарды есіне түсіре алмайтын жағдайға жеткен.

Қарияның замандастары да оның басынан өткен жағдайға қынжылыс білдірген. Сайфолла Қаженов мұндай әрекетті қазақы тәрбиеге жат деп бағалады.

Ал әкесіне зорлық көрсетті деп айыпталған Қанат Сисенов тағылған айыптарды жоққа шығарды. Тілшілерге берген жауабында ол сот аяқталғанша оқиғаға қатысты пікір білдірмейтінін айтты.

«Мен ұрудан аманмын. Мұның барлығы жала. Қазір оқиғаға қатысты сот әлі біткен жоқ, іс сотта ғой», – деді ол.

Қанат Сисенов әкесін жиырма жылдан астам уақыт бағып-күткенін айтып, медициналық сараптама қорытындысында денсаулығына ауыр соққы тимегені көрсетілгенін мәлімдеді.

Қарияның туыстары істің жан-жақты әрі әділ қаралуын талап етіп отыр. Оқиға Қызылқоға ауданында болғанымен, қылмыстық іс Атырау облыстық сотының шешімімен Жылыой ауданының сотында қаралып жатыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.