KZNews.kz
Спорт

Ұлттық құрамаға шақырылған Дінмұхаммед Қашкен өзіне айтылған сынға жауап берді

Айжан Сыланова
Қазақ футбол федерациясы

Желіде кейбіреулер оны «бай әкесінің арқасында құрамада жүр» деп сынаған еді.

«Хейт – қалыпты нәрсе. Мен оны сабырмен қабылдаймын. Әркімнің өз пікірі бар. Ал мен өз ойыныммен бәрін дәлелдеймін. Ұлттық құрамаға шақырылу – бала күнгі арманым. Бас бапкер Талғат Маруанұлына сенім артқаны үшін алғыс айтамын. Елімнің намысын қорғауға дайынмын», – деді Қашкен.

Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді: бірі футболшыны қолдаса, енді бірі оның ойынын сынға алды.

Айжан Сыланова
Автордың басқа материалдары