Қазақстандықтарға туды балконға ілуге рұқсат берілді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ұлттық компаниядағы дау: «ҚазМұнайГаз» мықты мамандарды қыстартпақ

Ұлттық компаниядағы дау: «ҚазМұнайГаз» мықты мамандарды қыстартпақ
фото: ашық дереккөз

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Асхат Тілеубергенұлы Хасенов орталық аппаратты оңтайландыру аясында қызметкерлердің 10%-ы, яғни 47 адам жұмыстан босатылғанын ресми мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Алайда бұл қысқартудың артында нақты әлеуметтік қолдау бар ма, әлде бәрі заңның құрғақ баптарымен ғана шектелді ме?

Басқосуда «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Асхат Тілеубергенұлы Хасеновке қысқартылған қызметкерлерге қандай әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылғаны және өтемақы төлемдеріне қанша қаражат бөлінгені туралы тікелей сұрақ қойылды. Спикер бұл үдерістің тек «еңбек заңнамасы мен нақты еңбек шарттары аясында» жүргізіліп жатқанын айтумен шектелді. Нақты қанша қаражат кесілгені туралы сұраққа нақты сома айтылмады. Бұл әдеттегідей бюджеттің «жабық» күйде қалғанын көрсетеді.

Ұлттық компания бұл қадамды оңтайландыру деп атағанымен, қысқартуға ілінген мамандардың кейінгі тағдыры мен әлеуметтік пакетінің көлемі бұлыңғыр күйінде қалып отыр.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.