"Халық кеңесін" кім басқарады?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ұлттық банк: шетелге ақша аудару 20 пайызға азайды

Ұлттық банк: шетелге ақша аудару 20 пайызға азайды
Фото: ашық дереккөздерден

Ұлттық банктің мәліметінше, биылғы шілде айында қазақстандықтар шетелге 56,4 млрд теңге аударған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14,1 млрд теңгеге немесе 20 пайызға азайған екен.

Салыстырмалы түрде алғанда, 2025 жылғы шілдеде сыртқа аударылған қаражат көлемі 70,4 млрд теңге болған.

Сондай-ақ, шетелден Қазақстанға келген ақша көлемі де қысқарды. Бір жылда түсім 21,3 млрд теңгеден 15,9 млрд теңгеге, яғни 25,1 пайызға азайған. Нәтижесінде шілдеде Қазақстаннан шетелге кеткен ақша мен елге түскен қаражаттың айырмасы 40,5 млрд теңгені құрады.

Мұнан бөлек, ақша аударымдарының саны да төмендеді. Бір жылда операциялар 139,6 мыңнан 126,2 мыңға дейін азайып, 9,6 пайызға қысқарған.

Ақша жөнелтілетін елдер бойынша да өзгеріс бар. Бұған дейін көш бастап келген Ресейдің орнына АҚШ шыққан көрінеді.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Журналист-экономист. Журналистика саласында 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.