KZNews.kz
Шоу-бизнес

"Үлкен қуаныш": Сәкен Майғазиевтің келіні сүйінші жаңалығын жеткізді (ФОТО)

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің келіні желідегі парақшасында жаңа жазба жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Әдия өз жазбасында анасының айтқан сөздері есіне түскенін жеткізді.

"Бұрын анамыз "өсіп, екі жақа кеткенде бір бірлеріңді сағынасыңдар" деген кезде, "оған әлі қайдаам" деуші едік", – деп жазды Әдия.

Сонымен қатар ол ұзатылып жатқан сіңлісіне шын жүректен бақыт тіледі. Жазба Ақтау қаласында түсірілген.

Әлеуметтік желі қолданушылары әп-сәтте жылы лебіздерін жаудырып, мыңдаған лайк жинаған жазба астында пікірлер қалдырды.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары