ҮЛГЕРІМІ ТӨМЕН ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС

Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
ҮЛГЕРІМІ ТӨМЕН ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС
Автор: САҒЫНДЫКОВА АЛТЫНАЙ ӘМІРҚЫЗЫ
Бағыты: Қазақ тілі Бөлімі: Авторлық бағдарлама Сыныбы: Басқа
Жарияланған уақыты: 2019-01-07
Материал туралы қысқаша түсінік
МАТЕРИАЛ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ, ҚАЗАҚ ТІЛДЕ САБАҚ БЕРЕТІН БАСҚА ДА ҰСТАЗДАРҒА ҮЛГЕРІМІ ТӨМЕН ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ ҮШІН ТАПТЫРМАЙТЫН ҚҰРАЛ.
Үлгерімі төмен оқушылармен .жұмыс
Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі:
А.Ә.Сағындыкова
2015-2016 оқу жылы
- Жыл басында өзіңіздің жұмыс дәптеріңізге сабақ беретін сыныптарыңыздағы балалардың оқу мүмкіндігі туралы мәліметті жазып алыңыз. Ол үшін пән мұғалімдері, класс жетекшісімен әңгімелескен жетіп жатыр. Туыстас пәндерден оқушы бағасын салыстырыңыз.
- Үлгермеудің себебін анықтап, мүмкіндігінше болдырмау.
- Оқушының күн режимін жоспарлау, өздігінен жұмыс істеу дағдыларын ата-аналарының көмегімен қоса дамыту, ата-ананы баласына көмектесуге үйрету.
- Нашар оқушыға табысқа жетуге жағдай туғызу.
- Оқулық тексті мен үй тапсырмасын орындау жұмыстарын жүйелеу.
- Өз пәніңіз бойынша пәндік кластан тыс жұмысқа тарту.
- Жүйелі түрде қосымша жұмыс жүргізу, олармен жұмысты жекешелендіру.
- Жақсы оқитын оқушының нашар оқитын оқушыға көмегін ұйымдастыру.
- Үй тапсырмасын нашар оқушының мүмкіндігін ескере отырып жеке дараландыру.
Қазақ тілі сабағында үлгерімі нашар оқушылармен жұмыстың әдіс –тәсілдері
Үлгерімі төмен оқушылармен әр түрлі жұмыс жүргізуге болады. Топпен жұмыс, жұппен жұмыс, жеке дара жұмыс түрлерін жүргізуге болады. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары болу керек. Жаттығулардың түрлері өте көп,сол жаттығулардың түрлерін орындату арқылы білім сапасын жоғарлату қажет. Үлгерімі төмен оқушылармен деңгейлік тапсырмалардың жеңіл түрлерін өткізуге болады. Оқушылардың үлгерім деңгейінің төмен немесе жоғары болуына мұғалімнің жауапкершілігі мол. Мұғалім өзінің пәнін жетік білуі керек. Біліктілігі жоғары, жан –жақты іздену, жұмыс түрлерін түрлендіруі, сабақты қызықты өткізу керек сонда оқушылардың пәнге үлгермеушіліктері азайып немесе мүлдем болмайды. Барлығы мұғалімнің шеберлігімен, оқушының қызықғушылығына байланысты.
- Функционалдық сипаты: тілдесімде тілдік бірліктерді атқаратын қызметі тұрғысынан іріктеу;
- Проблемалық сипаты: оқу материалы проблемалық, яғни оқушының өз бетінше ойланып, орындап, шешуіне, сыни ойлауын дамытуға бағытталуы тиіс;
- Сөз құрамын білу, түбірлес сөздерді табу;
- Сөзжасамның негізгі түрлерін білу;
- Таныс емес сөздерді сөз тудырушы, сөз түрлендіруші жұрнақтар арқылы ажырата білу.
- Сабаққа дайындықсыз келу, оқу құралдарын түгел әкелмеу, үй тапсырмасын орындамау.
- Эмоция жағынан көңіл күйінің бір қалыпты еместігі, аумалы – төкпелі жеңіл мінездігі немесе өзімен - өзі болуы.
- Ата- ана тарапынан
- бала эмоциясына көңіл аудармау
- Сабақтан себепсіз көп қалу
- Кез келген жағымсыз істерге үйір
- Үлгерімі нашар, қабылдауы төмен.
Материалды сайттан тегін жүктеу
Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.