Олимпиадада 10-орын алған Софья Самоделкинаға 1 бөлмелі пәтердің кілті табысталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Ұл туып бермедің" деп қорлаған: Жаттықтырушы өз әйелін өлімші етіп сабап өлтірді (ФОТО)

"Ұл туып бермедің" деп қорлаған: Жаттықтырушы өз әйелін өлімші етіп сабап өлтірді (ФОТО)
stan.kz

Тува республикасында көпшілікті дүр сілкіндірген қылмыстық іс сотқа жетті. 35 жастағы күрес жаттықтырушысы Кежик Кара-Сал жұбайы – 31 жастағы Ай-Суу (Айымды) аяусыз соққыға жығып, оның өліміне себеп болды, деп хабарлайды kznews.kz.

"Комсомольская правда" басылымының жазуынша, қайғылы оқиға 2025 жылғы 21 қазанда Чадан қаласында болған. Тергеу деректеріне сәйкес, ер адам әйелін бірнеше сағат бойы ұрып-соққан. Кейін өз кінәсін мойындағанымен, "мені өзі арандатты" деп ақталуға тырысқан. Алайда сарапшылар бұл уәжбен келіспеді.

Марқұмның анасы сот залында: «Маған қара! Қызым қайда?!» – деп көз жасына ерік берді. Ай-Суу үш қыздың анасы еді. Оның өлімінен кейін балалар жетім қалды.

Үлгілі отбасының тасадағы шындығы

Жақындарының айтуынша, Кежик пен Айымның қарым-қатынасы мектеп кезінен басталған. Кейін екеуі Красноярскіде оқып, бас қосқан. Кежик Чадандағы жекпе-жек орталығында жаттықтырушы болып жұмыс істеген. Сырт көзге беделді маман көрінгенімен, отбасы ішіндегі жағдай өзгеше болған.

Айымға жұмыс істеуге, оқуын жалғастыруға рұқсат берілмеген. «Сенің міндетің – балалар мен үй» деген талап қойылған. Туыстарының сөзінше, ер адам үй шаруасына араласпай, ауыр жұмыстардың бәрі әйелінің мойнына түскен.

Уақыт өте келе күйеуі ішімдікке салынып, агрессиясы күшейген. Құрбыларының айтуынша, ол болмашы себеппен қол көтеріп отырған. Айым көгерген іздерін жасырып, «құлап қалдым» деп ақталатын болған.

Қызғаныш, қорлық және «ұл мәселесі»

Жақындары Айымның күйеуінің өзге әйелмен байланысы болғанын білгенін айтады. Әлеуметтік желі арқылы бейтаныс әйел «оған ұл туып бердім» деп жазғаны туралы да мәлімет бар. Бұл жағдай марқұмға ауыр соққы болған.

Соған қарамастан, ол отбасын сақтап қалуға тырысқан. Құрбылары бірнеше рет кетуге үгіттегенімен, Айым балаларын ойлап, бәріне шыдап келген.

Қайғылы түн

2025 жылғы 20 қазан күні ер адам ішімдік ішкен. Түнде ерлі-зайыптылар арасында жанжал туындаған. Тергеу нұсқасына сәйкес, әйел сырт киімсіз үйден қашып шыққан, алайда күйеуі қуып жетіп, ұзақ уақыт бойы ұрып-соққан. Алған ауыр жарақаттардан Ай-Суу көз жұмған.

Келесі күні Кежик балаларын мектепке жіберіп, өзі жұмысқа барған. Кейін адвокат жалдап, өз еркімен кінәсін мойындаған. Тергеу кезінде ол қылмысты «қызғаныштан» жасағанын айтып, аффект жағдайында болғанын алға тартқан.

Алайда сарапшылар бұл нұсқаны жоққа шығарды. Мамандардың қорытындысына сәйкес, зорлық-зомбылық қысқа мерзімді эмоциялық жарылыс емес, ұзаққа созылған әрекет болған. Заң бойынша аффект бірнеше минутқа ғана созылады, ал бұл жағдайда ұрып-соғу әлдеқайда ұзақ уақытқа жалғасқан.

Сот процесі

Резонанс тудырған іс ақпан айында аудандық сотта қарала бастады. Алғашқы отырысқа айыпталушының адвокаты келмегендіктен, жаңа қорғаушы тағайындалып, процесс 3 наурызға шегерілді.

Егер сот Кежик Кара-Салды кінәлі деп тапса, оған 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Марқұмның анасы: «Әдемі, көңілді қызымды осындай тағдыр күтіп тұр деп кім ойлаған?..» – деп қайғы жұтып отыр.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер