Шоу-бизнес

 Үкіметте бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды

 Үкіметте бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды

Саясат

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Арман Евниев пен Берік Бейсенғалиев қызметінен босатылды

АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Қазақстан үкіметінде бірқатар кадрлық өзгеріс жасалды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

"ҚР үкіметінің қаулысымен Әсет Арманұлы Ирғалиев ұлттық экономика вице-министрі лауазымынан босатылып, премьер-министрдің өкімімен ҚР премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Ал Арман Евниев берген өтінішіне сәйкес ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі лауазымынан босатылды. Сонымен қатар  Берік Бейсенғалиев ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен кетті.

Бұған дейін экс-министр Мәдина Әбілқасымова ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалғанын хабарлаған едік.  


sputniknews.kz

Ұқсас материалдар

Барлығы

Жаңалықтар

Тағы жаңалық
KZNews.kz