278 млрд доллар: импорт иірімі жұтқан қаржы Ұлттық қорды орап ала ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Үкімет Қазақстандағы ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге жеткізеді

Үкімет Қазақстандағы ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге жеткізеді
Фото: ашық дереккөзден

Алайда, қашан жеткізетіні белгісіз

Қазақстандағы ең төменгі жалақының мөлшерін 150 мың теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы үкімет кулуарында ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин мәлім етті, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, үкімет ең төменгі жалақыны кезең-кезеңімен арттыру мәселесін қарастырып отыр. Алайда, ең төменгі жалақы нақты қашан 150 мың теңге болатыны әлі белгісіз. 

Азамат Әмриннің айтуынша, бұл шешім бір ғана факторға емес, бірнеше экономикалық көрсеткішке байланысты қабылданады.

«Жалпы әлемде ең төменгі жалақы медианалық жалақының шамамен 50% құрайды. Біздің елдегі медианалық жалақы – шамамен 302 мың теңге. Сондықтан ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге дейін жеткізу біздің жақын уақыттағы мақсатымыз. Бірақ бұл қалай жүзеге асады, ол қазіргі есептеліп жатқан бюджетке байланысты», – деді ол.

Сондай-ақ вице-министр ең төменгі жалақыны көтеру мүмкіндігі мемлекеттік бюджеттің кірісіне тікелей тәуелді екенін атап өтті.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.