Тәуекел тест-драйвы: Ұлттық банк криптонарыққа 350 млн доллар жұмсамақ
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Үкімет: авиаотын бағасы 950 долларға дейін төмендеді

Үкімет: авиаотын бағасы 950 долларға дейін төмендеді
Фото: Астана әуежайы

Авиаотынның бағасы 1200 доллардан шамамен 950 долларға дейін төмендетілді. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлім етті, деп хабарлайды kznews.kz.

– Биыл 11 мың шақырымда автомобиль жолдарын салу мен реконструкциялау жұмыстары іске асырылатын болады. Сіздің тапсырмаңызға сәйкес авиаотын нарығындағы делдалдардың жұмысын тоқтаттық. Нәтижесінде авиаотынның бағасы 1200 доллардан шамамен 950 долларға дейін төмендетілді. Бұл біздің әуе кеңістігінің шетелдік авиакомпаниялар үшін тартымдылығын күшейтуде. Биыл Астана қаласының әуежайында екінші ұшу-қону жолағының құрылысын бастаймыз. Оны іске қосу 20 жыл бойы жөндеу көрмеген бірінші жолақты жаңғырту жұмыстарына кірісуге мүмкіндік береді, – деді О. Бектенов.

Оның айтуынша, бұл Астана әуежайының өткізу қабілетін 4 есе арттырып, 40 млн жолаушыға дейін жеткізеді. Шілде айында Алматы әуежайының ішкі терминалын күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады. Өткізу қабілеті 14 млн жолаушыдан 19 млн-ға дейін артады. Ұшу-қону жолағын жаңғырту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары басталады.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.