Көмірге көңіл ауды: кен өндіру 128,9 млн тоннаға жетпек
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Үкімет Астана маңындағы жерлерді пайдалану тәртібін айқындайды

Үкімет Астана маңындағы жерлерді пайдалану тәртібін айқындайды
Фото: visitastana.kz

Парламент «Елорда мәртебесі туралы» конституциялық заңды қабылдады. Құжатқа сәйкес, Астана маңындағы жерлерді пайдалану тәртібін Үкімет айқындайтын болады, деп хабарлайды kznews.kz.

Заң елорда мәслихаты мен әкімдігінің өкілеттіктерін нақтылап, жүйелейді. Оларға сәулет және қала құрылысы, жол қозғалысы, халықты әлеуметтік қорғау, экология, туризм және коммуналдық меншік салаларында қосымша құзыреттер беріледі.

Құжатқа сәйкес, Үкімет Астана қаласы мен Ақмола облысы мәслихаттары және әкімдіктерінің бірлескен ұсыныстары негізінде қала маңындағы аймақтың шекарасы мен көлемін, сондай-ақ оны пайдалану тәртібін белгілейді. Сонымен қатар заңда елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрғындарды тіршілікті қамтамасыз ету жүйесіне, арнайы трассалар мен автомобиль жолдарын санитарлық тазалауға, туризмді дамытуға және жер қатынастарын реттеуге жауапты ұйымдардың құқықтық мәртебесі айқындалған.

Көлік инфрақұрылымын басқару, жол қозғалысын ұйымдастыру және автотұрақ кеңістігін реттеу функциялары Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығына беріледі.

Сондай-ақ дизайн-код талаптары енді ғимараттарға, жол желілеріне, жарнама нысандарына және сыртқы безендіру элементтеріне де қолданылады. Құрылысты салу, қайта жаңғырту және абаттандыру жұмыстары белгіленген талаптарға сай жүргізіледі. Бұл жұмыстарды үйлестіру үшін Сәулет-қала құрылысы кеңесі құрылады.

Конституциялық заң 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі