Қоғам

Үкімет Ақтөбедегі ірі жол апатына қатысты комиссия құрды - оны Бозымбаев басқарады

Үкімет Ақтөбедегі ірі жол апатына қатысты комиссия құрды - оны Бозымбаев басқарады

Ақтөбе облысындағы жол апатының себептерін тергеу үшін үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлайды Kznews.kz

Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасымен Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Бөгетсай ауылының маңында болған жол-көлік оқиғасының себептерін анықтау мақсатында үкіметтік комиссия құрылған. 

Комиссия жұмысты дереу бастау, жол апатының себептерін жан-жақты тексеріп, қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына алғашқы көмек көрсету керек. 

Комиссияға Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев жетекшілік етеді. Оның құрамына Ішкі істер, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау және Көлік министрліктерінің жетекшілері, сондай-ақ Ақтөбе облысы әкімдігінің басшылығы енді.

Комиссияның негізгі міндеті – оқиғаға қатысты барлық мән-жайларды мұқият зерттеп, тиісті шаралар қабылдау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында ұсыныстар әзірлеу.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz