KZNEWS.KZ
Қоғам

«Үйінен шығып, қайта оралмаған»: Ұлытауда ер адам жоғалып кетті

• Айгерім Асылова
Фото: freepik.com

Ұлытау облысында жоғалған ер адамды іздеу жұмысы аяқталды

Ұлытау облысының Ұлытау ауданында бір күн бұрын жоғалып кеткен 60 жастағы ер адамды іздеу жұмысына дрондар мен спутниктік байланыс қолданылды деп хабарлайды kznews.kz.

ТЖМ мәліметінше, Шеңбер ауылдық округінде 1966 жылы туған ер адам 12 қыркүйек күні кешке Домбығұл қыстауындағы үйінен шығып, қайта оралмаған. Өзімен бірге ұялы телефоны да болмапты.

Іздеу жұмысына ТЖД қызметкерлері, полиция, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, жергілікті тұрғындар, сондай-ақ «Ауыл құтқарушылары» еріктілері жұмылдырылды.

«Аумақты барлау барысында құтқарушылар ұшқышсыз ұшу аппаратын және спутниктік байланысты пайдаланды. Іздеу жұмысының нәтижесінде ер адам Домбығұл қыстауынан солтүстікке қарай 8 шақырым жерден табылды», – делінген ТЖМ хабарламасында.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →