KZNews.kz
Жаңалықтар

«Үй жинауға жұмысқа барған қызды 25 жерден пышақтаған»: Марқұмның анасы «шындықты» айтты

Дархан Тоқан
Алаш коллажы

Шымкентте мектеп оқушысы қолынан қаза тапқан Диана Оңғарбаеваның анасы Қарлығаш Оңғарбаева алғаш рет ашық сұхбат берді. Ол 16 жастағы күдіктіге берілген жазаны «жеңіл» деп бағалап, тергеу мен сотта «шикілік көп» болғанын айтты, деп хабарлайды Alash.kz.

Марқұмның анасы Қарлығаш Оңғарбаева 25 жерден пышақтаған 16 жасар оқушының жеңіл жазаға тартылғанын, сотың әділетсіз өткенін айтты.

"25 рет пышақ сұққан. Мәйітте зорлық белгілері бар. Бірақ, бәрін жоққа шығарып отыр. Өйткені, істе шикілік бар. Прокурор да, сот та, баланың адвокаты да баланың сөзін сөйлейді. Ақша алып қойған. Ертең олар кепіл бере ме?! 24 жасында шығады. Қайтадан ол нәрсені істемейтініне кепіл бере ме? 18-ге толмаған деп, кешірім бере бере ме?! Заң қайда кетті?!" - дейді марқұмның анасы.

Оқиғаның болған орнына қатысты да тың мәлімет айтылды. Анасының сөзіне қарағанда, жасөспірім ол үйде жалданып жұмыс істеп, сыртқы жөндеу жұмыстарын атқарған. Қылмыс күдіктінің өз үйінде емес, бөтен адамның үйінде жасалған.

Қызы жоғалған күннен бастап дабыл қаққан отбасының шағымын құзырлы органдар қабылдамай, іздеу жұмыстарын кешіктіргенін де ашына айтты:

“Ол жаққа бардық. Камера жоқ” деді. Біз барып қарадық. Камера бар екен. Сонда, 10 күн бойы іздемеген ғой. Қаратау ауданы ішкі істер бөлімінің бастығының өзі “қызыңызды екі күнде тауып беремін, уәде беремін” деді. Екі күннен кейін өлігі табылды. Полиция іздеген жоқ. Іздесе, бұлай болмайтын ба еді?! Құрттап, түрі көрінбейтіндей денесі бұзылмайтын еді" - дейді Қарлығаш Оңғарбаева.

Қанды оқиға туралы, қызынада қандай жарақаттар болғанын Қарлығаш Оңғарбаева айтып берді.

"Мәйітті бала жұмыс істеген жерге жақын аумаққа апарып тастаған. Оны бір кісі тауып алған. Қапқа салған, скотчтап, қара пакетке ораған. Тек киімін ғана ұқсаттым… Түрін мүлде тани алмайсың. Екі көзі кіріп, ағып кеткен. Басы жабысып қалған. Кеңірдегін кесіп тастаған. Желке жағына, бүйрек, қолына, аяғына пышақ тыққан. Бірақ, көп нәрсені жасырды" - дейді ол.

Дархан Тоқан
Автордың басқа материалдары