"Изолятор сияқты": Қостанай облысында да жазғы лагерьден шу шықты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Үй маңынан түрлі дыбыс шығады": Марқұмның туысы сотта тың деректі айтты

"Үй маңынан түрлі дыбыс шығады": Марқұмның туысы сотта тың деректі айтты
Dalanews.kz коллажы

Атырауда қоғам назарын аударған қылмыстық іске қатысты сот отырысында марқұм Мақсот Қарабалиннің қарындасы Әдемі Шілмағамбетова жаңа мәлімет айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның сөзінше, оқиға болған үйдің маңындағы жағдай тұрғындарды алаңдатқан. Айналадағы адамдар сол аумақтан әртүрлі дыбыс шығатынын айтып, қорқыныш сезінген.

"Айналадағылар үй маңынан түрлі дыбыс шығады деп қорқатын", – деді Әдемі Шілмағамбетова сот барысында.

Ол бұл сөзін оқиға болған аумаққа байланысты айтты. Марқұмның туысының мәлімдеуінше, тұрғындар үй маңындағы белгісіз дыбыстардан секем алып, ол жердегі жағдайға алаңдаушылық білдірген.

Қазір сот процесінде тараптар оқиғаның мән-жайын анықтауға қатысты түрлі деректерді ортаға салып жатыр. Куәгерлер мен жәбірленуші тараптың өкілдері өздеріне белгілі мәліметтерді айтып, қылмыстық іске қатысты жауап беруде.

Айта кетейік, бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырған. Сот отырыстары барысында тараптардың жауаптары тыңдалып, оқиғаның егжей-тегжейі қаралып жатыр.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер