Танымал продюсер әрі режиссер Ақан Сатаев әлеуметтік желідегі парақшасында бұрынғы жұбайына қатысты ашық мәлімдеме жасады, деп хабарлайды kznews.kz.
Ақан Сатаевтың айтуынша, ол әрдайым жеке өмірдің құпия болып қалғанын қалаған. Алайда бұрынғы жары Назира тарапынан күтпеген жария пікірлер айтылған соң, түрлі қауесет пен деректердің бұрмалануына, ең бастысы – балаларға бағытталған қысымға жол бермеу үшін түсініктеме беруге мәжбүр болған.
"Біздің ажырасуымыздың себептері нақты ажырасудан және некені ресми түрде бұзудан әлдеқайда бұрын қалыптасқан. Бұл тек өзара жеке келіспеушіліктер мен қарым-қатынасқа байланысты болды. Үшінші тұлғалар ажырасуға себеп те, сылтау да болған емес. Біз бұл мәселені бірнеше рет талқылап, екі жақты шешімге келдік. Әрине, бұл туралы балаларымызбен де ашық сөйлестік.
Ажырасуға дейін де, ажырасу барысында да, одан кейін де Назира ажырасудың себебі ретінде басқа бір адамды, оның ішінде Альмираны атаған емес. Қазіргі айтылып жатқан мәлімдемелер мен үшін күтпеген жағдай болды әрі қоғам пікіріне ықпал етуге бағытталған әрекет сияқты көрінеді. Оның үстіне, Назираның өзі осы сұхбатында біздің қарым-қатынасымыздағы түсінбеушіліктер 2016 жылдан басталғанын, яғни "Томирис" фильмінің түсірілімінен әлдеқайда бұрын пайда болғанын айтады.
Ажырасуға, кейінгі тұрмысқа, балаларды тәрбиелеу мен олармен қарым-қатынас жасауға қатысты барлық мәселелер алдын ала менің, Назираның және балалардың арасында толық талқыланып, келісілген.
Мен Назираға балалармен бірге осы үйде тұруды бірнеше рет ұсындым. Алайда ол өз еркімен бөлек тұруды таңдады. Қалай болғанда да, бұл үй болашақта балаларға мұра ретінде қалдырылады.
Мен Назираға оның өзі таңдаған үш бөлмелі пәтерді сатып алып, жеке меншігіне рәсімдеп бердім, автокөлікті қалдырдым, сондай-ақ қаржылай қолдау көрсетіп, өз міндеттерімді әлі де орындап келемін.
Балалар менімен бірге тұруды қалады. Қазіргі уақытта олар менің қарауымда.. Ал үлкен қыздарым тұрмысқа шығып, өз өмір жолын бастап кетті.
Мен ешқашан балалардың анасы Назиремен араласуына кедергі келтірген емеспін және келтірмеймін. Балалардың онымен бірге тұру мүмкіндігі болды және қазір де бар. Алайда олар үшін осы үйде тұру әлдеқайда жайлы.
елісілген барлық міндеттемелерімді толық орындадым", – деп жазды Ақан Сатаев.