KZNews.kz
Спорт

UFC Шавкат Рахмоновты әлемнің үздік жауынгерлері тізімінен алып тастады

Ayzhan Sylanova
Фото: Ufc.com

Енді Рахмонов UFC-дің барлық салмақ дәрежесіндегі үздік 15 файтердің тізімінде жоқ.

Еске салсақ, 19 тамызда ол алғаш рет бұл беделді рейтингке еніп, 15-орынға көтерілген еді. Сол кезде ол бразилиялық Чарльз Оливейраны ығыстырған болатын.

Алайда рейтингтің жаңартылған нұсқасында Оливейра өз орнын қайтарып алды — ол Рио-де-Жанейрода өткен жекпе-жекте Матеуш Гамротты екінші раундта жеңіп, қарсыласын берілуге мәжбүр етті.

P4P рейтингінің алғашқы үштігі өзгеріссіз қалды:
1.Илия Топурия (17-0)
2.Ислам Махачев (27-1)
3.Мераб Двалишвили (21-4)

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов соңғы рет 2024 жылдың 7 желтоқсанында ирландиялық Иэн Гэрридітөрешілер шешімімен жеңіп, жеңіліссіз сериясын 19 жекпе-жекке дейін жалғастырған болатын.

Соған қарамастан, ол жартылай орта салмақта чемпиондық белбеуге басты үміткерлердің бірі болып қала береді.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары