"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

UFC чемпионы 51 секундта ауыр нокаутқа түсті

UFC чемпионы 51 секундта ауыр нокаутқа түсті

"Крис Киборг" бірінші раундта ойламаған жерден нокаутпен ұтылып қалды. 

Жартылай жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Кристиана "Крис Киборг" Жустину (20-1-1) карьерасындағы екінші жеңілісіне ұшырады. Инглвудтағы (Калифорния штаты, АҚШ) UFC 232 турнирі аясында ол бірінші раундта ойламаған жерден Аманда Нуньестен нокаутпен ұтылып қалды. Бұл жекпе-жек 51 секундқа ғана созылды. Нуньестің жойқын нокаутының видеосын назарларыңызға ұсынамыз.

Осылайша, Жустину карьерасында екінші рет жеңілді,ал Нунес 17-ші жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейін кейбір шетелдік журналистер Кристиана  Жустинуді қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен салыстырған болатын. Олардың пікірінше, көптеген боксшы GGG-мен жекпе-жектен қашқақтағаны секілді, "Киборгтан" қорқатындар да көбейген. Естеріңізге сала кетейік, биыл Головкин де жеңіліске ұшырап, әлем чемпионы атағынан айырылды.

Дереккөз: Sputnik

Автор
Бауыржан