KZNews.kz
Спорт

УЕФА «Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбековтың сейвін аптаның үздігі деп таныды

Ayzhan Sylanova
Фото: "Қайрат" клубының баспасөз қызметі

Еуропа футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) Instagram парақшасында жариялаған бейнероликте бірнеше үздік сейвтер көрсетіліп, көрермендерден ең ұнағанын таңдауға ұсыныс жасалды. Тізімге «Наполи», «Интер», «Вильярреал», «Барселона», «Бенфика» және «Копенгаген» қақпашыларының да тамаша әрекеттері енген.

«Сейсенбіде көзтартарлық сейвтер көп болды. Ал сізге қайсысы көбірек әсер етті?» – делінген жазба сипаттамасында.

Айта кетейік, 21 қазанда өткен матчта Темірлан Анарбеков кипрлік жартылай қорғаушы Влад Драгомирдің қауіпті соққысын қайтарып, командасын голдан сақтап қалған еді. Бұл сәт футбол жанкүйерлерінің ерекше назарын аударып, әлеуметтік желілерде қақпашыға арналған мадақ пікірлер көптеп жазылды.

Көпшілік 22 жастағы ойыншының бұл тізімге Давид Луиздің соққысын тоқтатқан тағы бір сәтін қосуға болатынын да атап өтті.

Еске сала кетсек, «Қайрат» пен кипрлік «Пафос» арасындағы Чемпиондар лигасының ойыны тең есеппен аяқталған. Матчтан кейін қазақстандық жанкүйерлер Темірлан Анарбековке зор қолдау көрсетіп, оның өнерін ұлттық деңгейдегі үлкен жетістік деп бағалады.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары