Коучинг сабақ жоспары
| Күні: | Коучтің аты-жөні: Конакаева Л.А.
Ақмола облысы Бурабай ауданы Первомай орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі, І санатты |
| Қатысушылар саны: 12 | |
| Тақырыбы | ҰБТ- ның нәтижесін қалай жақсартуға болады? |
| Мақсаты | Бірлесіп жұмыс істеу арқылы ҰБТ-ның нәтижесін қалай жақсарту жолдарын қарастыру және ортақ шешімге келулері тиіс. |
| Коучинг барысында қолданылатын жұмыс түрлері | Тренинг, «Бізге мақсат керек пе?» мультфильмі, «Мен кіммін» жаттығуы, тұжырым жасау, «Менің мақсатым» жаттығуы, тақырып бойынша постер құру, «Ақылдының 6 қалпағы» әдісі, бағдаршам әдісі |
| Күтілетін нәтиже | Мектеп ұжымы оқушылармен бірлесе ынтымақтастықпен жұмыс істеу арқылы оқушылардың ҰБТ нәтижелерін жақсартады. |
| Қажетті ресурстар | интербелсенді тақта, мультфильмнен үзінді, маркер, стикер, флипчарт, түрлі түсті қағаз |
Сабақ барысы:
| Коучингті өткізу кезеңдері | Жоспарланған әрекеттер | Жоспарланған уақыт |
| Ұйымдастыру | Армысыздар, құрметті әріптестер! Мен сіздерді көргеніме өте қуаныштымын! | 1 мин |
| Психологиялық ахуал туғызу | «Мен кіммін» жаттығуы. Әр адам өзіне «Мен биік жартаспын, өйткені…», «Мен кейбір кезде жолбарысқа айналамын, себебі…» т.б. деп тұсаукесер дайындайды. | 5 мин |
| Топтарға бөлу,топ ережесін құру, кіру анкетасы | Топтарға бөлу, топ ережесін құру, кіру анкетасын толтыру | 3 мин |
| Көрсетілім | Суреттер көрсету | 1 мин |
| Тақырыпты ашу | – Бүгінгі коучингіміздің тақырыбы қандай деп ойлайсыздар?
– Оқушыларға оқудағы кедергілерді жеңуге қалай көмектесуге болады? |
3 мин |
| Топтық жұмыс | Тұжырымды талқылаңыздар:
Таным және оқу; Қызметтің әлеуметтік саласы; Қызметтік аффектік саласы; |
5 мин |
| Сергіту сәті | «40 секунд» жаттығуы | 2 мин |
| Жеке жұмыс | «Мен…» тақырыбында өзі туралы жазу, айту | 5 мин |
| Пікірталас | «Менің мақсатым» жаттығуы:
1.Армандаушы 2.Жүзеге асырушы 3.Сыншы |
5 мин |
| Топтық жұмыс | Сипаттаңыз:
«Мінсіз оқушы» «Мінсіз мұғалім» «Мінсіз мектеп» |
10 мин |
| Топтық жұмыс | Блум таксономиясына сүйене отырып «ҰБТ нәтижесін қалай жақсартуға болады?» тақырыбында постер жасау және қорғау | 10 мин |
| Рефлексия | «Бағдаршам» әдісі | 3 мин |
| Бағалау | Бағалау парағы
«Ақылдының алты қалпағы» әдісі |
5 мин |
Пайдаланған әдебиеттер
- Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші (негізгі) деңгей. Үшінші басылым.-Астана: Педагогикалық шеберлік орталығының баспасы, 2014.
- Мектептегі тәжірибе кезінде орындауға арналған тапсырмалар.-Астана: Педагогикалық шеберлік орталығының баспасы, 2014.
- Орақова А.Ш., Корнилова Т.Б., Жартынова Ж.А., Касымова А.А. Коуч- мұғалімнің жұмыс кітабы, Алматы, 2014 жыл.
- Жақсылықова К.З. Тренингтік ойындар мен жаттығулар, Алматы, 2014 жыл.
- www.cpm.kz
- Үлестірме материалдар. Екінші (негізгі) деңгей. Екінші апта, 2,3 күн. Астана, 2014 жыл.