Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

ҰБТ-2026: ең төменгі шекті балл неше болады?

ҰБТ-2026: ең төменгі шекті балл неше болады?
Ұлттық тест орталығы

2026 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуден (ҰБТ) өту үшін талапкерлер жинауы тиіс ең төменгі шекті балл белгілі болды, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы мәлімдеді.

ҰБТ форматы бұрынғыдай 5 пәннен тұрады:

– 3 міндетті пән және 2 бейіндік пән.

Әр пән бойынша тапсырмалар мен шекті балл төмендегідей:

Математикалық сауаттылық – 10 сұрақ, шекті балл – 3;

Оқу сауаттылығы – 10 сұрақ, шекті балл – 3;

Қазақстан тарихы – 20 сұрақ, шекті балл – 5;

Бірінші бейіндік пән – 40 сұрақ, 50 балл, шекті балл – 5;

Екінші бейіндік пән – 40 сұрақ, 50 балл, шекті балл – 5.

Барлығы 120 тапсырма, тестілеуге 4 сағат (240 минут) беріледі. Ерекше білім беру қажеттілігі бар түлектерге қосымша 40 минут уақыт қарастырылған. Тестілеу қағаз және электронды форматта өтеді.

Биыл қыркүйек айында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҰБТ форматы жаңғыртылатынын мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, ETS (Educational Testing Service) халықаралық ұйымының сарапшылары қатысатын жұмыс тобы құрылып, тестілеудің мазмұны мен әдістемесі түбегейлі жаңартылмақ.

Мақсат – функционалдық білім мен сыни ойлауды бағалау
Жаңартылған ҰБТ түлектің тек теориялық білімін емес, өмірлік және кәсіби дағдыларын, логикалық және аналитикалық ойлау қабілетін анықтауға бағытталады.

Толық ақпарат testcenter.kz сайтында жарияланады.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.