Шоу-бизнес

ҰБТ-2021: Алғашқы компьютерлік ҰБТ-ға тіркелу басталды

ҰБТ-2021: Алғашқы компьютерлік ҰБТ-ға тіркелу басталды

Қазақстанда алғаш рет компьютерлік форматта өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге тіркелу басталды, деп хабарлады Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов. Бұл туралы sputnik жазды.

"Достар, наурызда өтетін ҰБТ-ға тіркелу: 4 наурыздан бастап app.testcenter.kz сілтемесі арқылы жүргізілуде. Еліміздегі карантиндік шектеулерге сәйкес, тестілеу тізіммен өткізіледі", - деді ол.

Тестілеу 10 наурыз бен 10 сәуір аралығында өткізіледі. Құны - 2 242 теңге. Наурыздағы ҰБТ сертификатымен жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсуге болады.


Тіркелу барысында ҰБТ өткізу пунктінің қайсы жұмыс істейтіні көрсетіледі.

Бұған дейін Дидар Смағұлов қазақстандық түлектер ҰБТ-ны үш рет тапсырып көре алатынын хабарлаған болатын. Бір рет ақылы, ал қалған екі рет тегін.

Грантқа түсу үшін тестілеу сәуір-маусым аралығында өтеді. Екі тегін тест болады. Ал наурыз айындағы компьютерлік форматтағы ҰБТ ақылы бөлімдерге түсу үшін арналған. Оған түлек өз қалауымен қатыса алады.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz