"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Уақытым келді". Бірегей жетістігі бар Тұрсынғалиев WBA белбеуі үшін жұдырықтасатынын құлағдандырды

"Уақытым келді". Бірегей жетістігі бар Тұрсынғалиев WBA белбеуі үшін жұдырықтасатынын құлағдандырды
Жартылай жеңіл салмақта жұдырықтасатын Мұса Тұрсынғалиев (8-0, 6 КО) титулды жекпе-жегі туралы құлағдандырды, - деп хабарлайды Vesti.kz

Спортшы Instagram парақшасында мұның алдындағы рингке шыққан сәтінің промо-ролигін жариялап, астына: Жақында WBA International белбеуі үшін жекпе-жегім туралы жария етіледі. Менің уақытым келді. Дивизионымдағы барлық боксшылар дайын болу керек. Мен өз белбеулеріме аттанамын" деп жазған. 

Мұның алдында Тұрсынғалиев 28 қыркүйек Голливудта жұдырықтасып, төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен колумбиялық Дейви Хулио Бассаны (20-6, 12 КО) жеңген.

Осыдан кейін Мұса 30 қараша АҚШ-та тағы бір колумбиялық Рубен Эрнандес Серверамен (10-0, 9 КО) жұдырықтасу керек болатын, алайда, бұл жекпе-жек өтпей қалды.

Тұрсынғалиев кәсіпқой бокстағы карьерасын былтыр қарашада бастады. Қазақстандықтың есебінде бірегей жетістік бар: 29 күнде ол Мексикада сегіз жекпе-жек өткізді, алайда, оның алтауы ғана есептелді. Наурызда Мұса доминикандық Луис Хиножосаны (31-15, 16 КО) нокаутқа түсіріп, одан WBA-NABA нұсқасы бойынша Солтүстік Америка чемпионы атағын тартып алған. 

Дереккөз: http://kaz.vesti.kz/
Автор
Санжар