278 млрд доллар: импорт иірімі жұтқан қаржы Ұлттық қорды орап ала ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Уағызшы Дарын Мубаров екінші рет жауапқа тартылды

Уағызшы Дарын Мубаров екінші рет жауапқа тартылды
Ашық дереккөз

Діни материалдарды заңсыз таратқаны үшін уағызшы Дарын Мубаровқа айыппұл салынды, деп хабарлайды kznews.kz.

Астана қалалық дін істері жөніндегі басқарманың мәліметінше, ол бір жыл ішінде заң талаптарын екінші рет бұзған. Бұған дейін Дарын Мубаров 2025 жылғы қазанда дәл осындай құқық бұзушылық үшін жауапқа тартылған.

Ведомствоның дерегінше, бұл жолы оған 200 айлық есептік көрсеткіш (шамамен 860 мың теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Құзырлы орган өкілдері діни материалдарды тарату заң талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс екенін ескертті.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.