KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

ТЖМ: Алматыда жер сілкінді

Фото: ашық дереккөздерден

,4-маусымның кешінде, сағат 21:22-де Алматыда жер сілкінісі болды, деп хабарлайды kznews.kz ТЖМ мәліметіне сүйеніп.

Жер сілкінісін Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ғылыми орталығының сейсмикалық станциялар желісі тіркеген.

Қазіргі уақытта жер сілкінісінің эпицентрі мен сезілу қарқындылығы нақтыланып жатыр. Тиісті мемлекеттік органдарға хабар берілген. Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.

Айтпақшы, жер сілкінісі туралы шұғыл хабарландыру тұрғындарға 10 минутқа кешігіп жетті.

Қалмаханбет Мұқаметқали
Журналист-экономист. Журналистика саласында 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.
Автордың басқа материалдары →