Аты аңызға айналған кәсіпқой боксшы Марвин Хаглер 66 жасында көз жұмды. Қайғылы хабарды спортшының жары жеткізді.
"Бүгін сүйікті жарым Марвелус Марвин күтпеген жерден Нью-Гэмпширдегі үйде қайтыс болды. Отбасымыз қиын жағдайда біздің жеке өмірімізге құрметпен қарауды сұрайды", - деді ол.
Хаглердің ұлдарының бірі ТMZ басылымына, әкесі 13 наурыз, сенбі күні Нью-Гэмпширдегі ауруханаға жеткізілгенін айтты. Тыныс алуы қиындап, кеуде тұсы ауырған.
Шамамен төрт сағаттан кейін қайтыс болды, себебі айтылған жоқ.
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин көңіл айтты.
https://twitter.com/GGGBoxing/status/1370915357733625863
"Орта салмақтағы ұлы чемпион, Аңызға айналған адам жатқан жерің жайлы болсын", - деп жазды Головкин Twitter-де.
Марвин Хаглер туралы не білеміз
Хаглер бокс тарихында орта салмақтағы үздік боксшылардың бірі. Ол орта салмақтағы WBC әлем чемпионы (1980-1987), орта салмақтағы WBA әлем чемпионы (1980-1987), орта салмақтағы IBF әлем чемпионы(1983-1987). 1983 және 1985 жылдары The Ring журналы нұсқасы бойынша "Жыл спортшысы" атанды.
Карлос Монсон және Геннадий Головкинмен бірге жоғары эшелондағы жеңіліссіз әлемдік рейтинг рекордсмені. Кәсіби рингте 67 жекпе-жек өткізген. 62 рет жеңіске жетті (52 нокаут), үш рет жеңілді, екі рет есеп тең болды.