KZNews.kz
Қоғам

“Түсіндірме жұмысы” – Конститутциядан орыс тілін алып тастауды талап еткен Дина Елгезектің үйіне полиция барды

Асқар Алтайұлы
Фотоиллюстрация: Kznews

Конститутциядан орыс тілін алып тастауды талап еткен Дина Елгезектің үйіне полиция барды. Бұл туралы қоғам белсендісі өзінің Фейсбуктегі жеке аккаунтында жазды, деп хабарлайды kznews.kz.

«Үйге полиция келді. “Түсіндірме жұмысы” дейді мыс.

Мен, Дина Елгезек, Қазақстан азаматы ретінде Конституцияны талқылауға толық қақым бар.

Тілімді қорғау – Отаным алдындағы перзенттік парызым!

Тағы айтамын,

Конституциядағы:

“Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады” деген 7 баптың 2-ші тармағын алып тастауды сұраймын!» деп жазды Дина Елгезек.

Қоғам белсендісі сондай-ақ Конституциядағы 29 БАП-тың 2-ші тармағында жазылған кепілді медициналық көмекті халық тегін алуға хақылы деп жазды. Жаңа жобада «тегін» сөзі қолданылмаған. Ол бұл баптың өзгеріссіз қалуын сұрайды.

Асқар Алтайұлы
Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.
Автордың басқа материалдары →