Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тұрсынғали Алагөзов «Қайрат» клубына екі микроавтобус сыйлады

Тұрсынғали Алагөзов «Қайрат» клубына екі микроавтобус сыйлады
Фото: әлеуметтік желіден

Бұл туралы продюсер әрі актриса Баян Алагөзова өзінің Instagram парақшасында мәлім етті.

«Жігіттер, барлығыңызға үлкен рақмет айтқым келеді. Футбол – бір адамның емес, командалық ойын. Сіздер үлкен еңбек етіп жүрсіздер. Сондықтан мен, Maxi Чай компаниясының басшысы ретінде, сіздерге екі автобус сыйлағым келеді. Жолдарыңыз болсын! Мықты командамыз «Қайрат» әрдайым жүлделі орындардан көріне берсін», – деді Алагөзов.

Кәсіпкердің бұл қадамы жанкүйерлер мен спортсүйер қауымның оң бағасын алды. Көпшілік мұны қазақстандық бизнестің спортқа деген нақты қолдауының жарқын үлгісі деп бағалады.

Айта кетейік, бұған дейін Түрсен Алагөзов «Қайрат» «Реал Мадридті» жеңсе, әр футболшыға шетелдік көлік сыйлайтынын уәде еткен болатын. Матч сенсациялық жеңіспен аяқталмағанымен, кәсіпкер сөзінде тұрып, командаға өз тарапынан сыйлық жасап, моральдық әрі материалдық қолдау көрсетті.

Еске сала кетсек, осы көктемде GALANZ Bottlers компаниясының негізін қалаушы Түрсен Алагөзов өз қызметкерлеріне ерекше сый жасаған еді — ол 100 қызметкеріне 100 пәтер кілтін табыстап, елді таңғалдырған болатын.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.