KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Тұрсынбек Қабатов қамауға алынды

• Еркебұлан

Ұшақ бортында бейәдеп сөздер айтқан азамат жазаланды. Стюардессалардың жұмысына сын айтып, ескерту жасаған. 

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысына сүйенсек, айыпталушы - әзілкеш, актер, тележүргізуші Тұрсынбек Қабатов.

Оның кінәсі дәлелдермен айғақталды. Астана қалалық Әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айыпталған адамға қатысты істі қарады (ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі). ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінің санкциясында 20 АЕК көлемінде айыппұл салу немесе 5-тен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу көзделген. фото: ulysmedia.kz
Еркебұлан
Журналист
Автордың басқа материалдары →