KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Тұрсынбек Мөлдір Мұқанға 501 роза беріп жіберген (ВИДЕО)

• Айгерім Асылова
Фото: ашық дереккөзден

Танымал әнші, продюсер Мөлдір Мұқан экс-жары Тұрсынбек Қабатов жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды kznews.kz.

Ол тұңғыш қызы Әдеміні Тұрсынбекпен бірге күтіп алғанын айтты. Бұған қоса қыздары сыйлаған 501 ақ раушан гүлдерін Тұрсынбектің беріп жібергенін де жасырмады. 

"Әкелері беріп жіберуі керек. Қыздардан сұрасам айтпай қойды. Қызым Әдеміні әуежайдан күтіп алғанда Тұрсынбекті 1 жарым жылдан кейін бірінші рет көрдім. Амандастық. Сәлеміміз түзу болды", - деді өнер иесі. 

Көпшілік әншінің бұл мәлімдемесіне түрлі пікір білдірді. 

"Тұрсын сияқты мықты біреу жолықсын", "Құрсыншы ары! Одан да жақсы жігіт тауып ал!", "Тасташы ондай сатқын байдың не керегі бар", "Алла қаласа бәрі жақсы болады", "Қадіріңді білмегенге қарауға да тұрмайды", - деп жазды оқырмандар. 

Видео / жазбаны ашу

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →