Алматыда дәрігерлер салмағы 730 грамм болып туған сәбидің өмірін сақтап қалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Түрлі қайғыны бас­тан кештім": Роза Рымбаева қиын ке­зең­дерін еске алды

"Түрлі қайғыны бас­тан кештім": Роза Рымбаева қиын ке­зең­дерін еске алды
фото: жеке мұрағаттан

"Қазақ эстрадасының примадоннасы" атанып кеткен алтын дауыс иесі, Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның сахнада жүргеніне елу жыл толды. Әрбір кешін асыға күткен көрерменді әнші жақында жағымды жаңалығымен қуантты. Атаулы мерейтойға орай өнер иесі ақпан айының 7 жұлдызында Республика сарайында кеші өтеді. Кеш қарсаңында әнші сұхбаты беріп, толғаныстарын бөліскен, деп хабарлайды kznews.kz.

"Көпшілік әлі күнге дейін "сол баяғы Рымбаева" деп қа­был­­дайды. Халықтың жа­дында "Әлия" образым қа­лып қойған. Алайда елу жыл­дың ішінде мен де адам ретінде өс­тім, өркен­де­дім, өмірдің та­лай белесін өт­кер­дім. Қар­тай­дым, әже атан­дым. Бірақ сах­на­дағы елу жы­лым текке өткен жоқ. Осы уа­қыттың бәрінде қа­зақ сах­на­сын­да халқыммен бір­ге өмір сү­ріп келемін.

Елу жыл ара­лықта түрлі қайғыны бас­тан кештім, небір қиын ке­зең­дерді бастан өткердім. Ме­нің ең үлкен бақытым – хал­қым­­ның әркез қолдап жүргені. Әсі­ресе, жолдасымнан айы­рыл­ған ауыр кезеңде бұл қолдау ма­ған үлкен демеу болды. Сол жыл­дары кішкентай екі баламды алып, гастрольдік са­пар­ларда жүр­дім. Мен жыл сайын ха­лық ал­дына шығып, "Көктем ша­­қы­рады" атты концертімді бере­­тін­мін. Бұдан кейін аталған кеш шы­ғармашылығымдағы дәс­түрлі іс-шараға айналды", - деді әнші

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.