KZNews.kz
Шоу-бизнес

“Түркияда емделіп жатыр” - Төреғалидің қазіргі жағдайы белгілі болды

Ayzhan Sylanova
Фото: әлеуметтік желіден

Той ұйымдастыру орталығының директоры Әділет Байнашов әнші Төреғали Төреәлінің денсаулығы жайлы мәлімет берді.

Бұған дейін, наурыз айында Астана, Алматы, Шымкент және Тараз қалаларында өтуі тиіс болған әншінің концерттері кейінге шегерілген еді.

“Әлемде ешкім ауырмасыншы. Төреш хабарласып, бір жарым сағат сөйлестік. Сағынғаннан екеуміздің ішіміз толып қалыпты. Түркияда емделіп жатыр екен. Алла шипасын берсін! Жақсы болып қалыпты. Елге аман-есен жетіп ал”, – деп жазды арт-директор. 

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары