«Бір тамшы су тамбасын!» – Нәлібаев тәртіпті Алматы әуежайынан бастады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Түркістанда бір сыныпта оқыған екі түлек ҰБТ-дан 140 балл жинады

Түркістанда бір сыныпта оқыған екі түлек ҰБТ-дан 140 балл жинады
Коллаж Kazinform

Айсұлтан Жаңбырбай мен Жасур Нышанбаев бір жекеменшік мектепте, бір сыныпта білім алған. Екеуі де ҰБТ-да бірдей бейіндік пәндерді – дүниежүзі тарихы мен ағылшын тілін таңдаған, деп хабарлайды kznews.kz.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, қос түлек бұған дейін IELTS халықаралық емтиханын да сәтті тапсырып, 6,5 балл жинаған.

– Айсұлтан Жанбырбай мен Жасур Нышанбаев IELTS халықаралық емтиханынан 6,5 балл алып, өздерінің тек ұлттық тестілеуге ғана емес, халықаралық білім стандарттарына да жоғары деңгейде дайын екенін дәлелдеді. Ағылшын тіліне қызығушылық пен білімге деген ұмтылыс олардың жетістігінің басты факторына айналды, – деп атап өтті ведомство.

Жасур Нышанбаев – Түркістан қаласының тұрғыны. Қаңтар айындағы ҰБТ-да ол 120 балл жинаса, наурыздағы тестілеуде нәтижесін 128 балға дейін жақсартқан. Ал мамыр айындағы негізгі ҰБТ-да максималды 140 балл иеленді.

Ал Айсұлтан Жанбырбай оқу үшін Шымкенттен Түркістанға келіп, мектеп жанындағы жатақханада тұрған. Ол қаңтардағы тестілеуде 125 балл, наурызда 128 балл жинап, әр кезең сайын нәтижесін тұрақты түрде жақсартып отырған. Нәтижесінде негізгі ҰБТ-да ол да 140 балл алды.

Қос түлек енді Астанадағы Maqsut Narikbayev University университетіне «Аударма ісі» мамандығы бойынша оқуға түсуді жоспарлап отыр. Болашақтарын халықаралық саламен байланыстыруды көздейді.

Айта кетейік, 10 мамырда басталған негізгі ҰБТ-2026 аясында республика бойынша 41 мыңнан астам тестілеу өткізілген. Талапкерлердің басым бөлігі емтиханды қазақ тілінде тапсырған.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.