Әл-Фарабидегі 3 адамның өліміне әкелген жол апаты: прокурор Zeekr жүргізушісін 10 жылға соттауды сұрады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Түркістанда жөндеу жұмыстарына мектептегі қызметкерлер тартылған

Түркістанда жөндеу жұмыстарына мектептегі қызметкерлер тартылған
Фото: Instagram/Saule Bikiteeva

Әлеуметтік желілерде мектеп аумағында жөндеу жұмыстарын жүргізіп жүрген қызметкерлердің видеосы қызу талқыланып, жұртшылық арасында түрлі пікір туғызды. Кейбір желі қолданушылары білім беру нысанын жөндеуге бөлінген қаржыны мердігер компания игеріп жатқанымен, нақты жұмыстарды мектеп қызметкерлері атқарып жүр деген болжам айтты. Осыған байланысты тұрғындар жауапты мекемелерден ресми түсініктеме беруді талап етті, деп хабарлайды kznews.kz.

Даулы жағдайға қатысты Созақ аудандық білім бөлімі мәлімдеме жасап, бейнежазбада көрсетілген жұмыстардың мектепті жаңа оқу жылына дайындау мақсатында жүргізіліп жатқан жоспарлы жазғы жөндеу науқанының бір бөлігі екенін хабарлады.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, білім беру ұйымдарының техникалық қызметкерлері өздерінің қызметтік міндеттеріне сәйкес мектеп аумағын ретке келтіру, тазалық жұмыстарын жүргізу, ұсақ жөндеу жұмыстарын атқару және абаттандыру шараларына қатысады. Сондықтан видеодағы әрекеттер олардың лауазымдық міндеттерінен тыс жұмыс болып саналмайды.

«Құрылыс немесе күрделі жөндеу жұмыстары техникалық қызметкерлерге жүктелген жоқ. Қызметкерлер қосымша еңбекке тартылмаған, барлық жұмыс еңбек заңнамасы мен белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жүргізілуде», – деп түсіндірді аудандық білім бөлімі.

Сондай-ақ ведомство мектеп ғимараттарын жаңа оқу жылына дайындау барысында қауіпсіздік талаптары мен еңбек нормалары қатаң сақталатынын атап өтті.

Қазіргі уақытта аталған жағдай бойынша еңбек инспекциясы немесе басқа да уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан тексеру басталғаны жөнінде ресми ақпарат жарияланған жоқ. Соған қарамастан, әлеуметтік желідегі талқылаулар жалғасып, көпшілік бұл мәселеге қатысты ашық әрі нақты ақпарат беруді сұрауда.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.