KZNews.kz
Аймақ

Түркістанда соңғы 35 жылда болмаған қуаңшылықтан мал қырылып жатыр

Ayzhan Sylanova
Фото: ашықдереккөз

Алғашқы мал шығыны Созақ ауданында тіркелді. Жергілікті тұрғындар алдағы қыста жағдай тіпті қиындап кетуі мүмкін деп алаңдаулы. Олар малын аман сақтау үшін жаппай жем-шөп сатып алуға мәжбүр. Алайда шаруалардың айтуынша, баға күрт өскендіктен, шығын күн санап көбейіп отыр.

Тұрғындар мұндай құрғақшылықтың соңғы рет 30 жылдан астам бұрын болғанын айтады. Ал жергілікті билік халықты сабырға шақырып отыр. Созақ ауданы әкімінің орынбасары Серік Мамановтың сөзінше, жуық арада жем-шөп мәселесі біртіндеп шешілуі тиіс.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары