Жолы болмағандар! – Трамп АҚШ медиасын сынап тастады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Түркістанда шенеуніктер 200 миллион теңгені оңды-солды шашқан

Түркістанда шенеуніктер 200 миллион теңгені оңды-солды шашқан
Фото: inbusiness.kz

Түркістан облысында бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалғаны белгілі болды. Жергілікті шенеуніктер сапасы талапқа сай келмейтін тұрғын үйлер үшін жүздеген миллион теңге төлеген, деп хабарлайды kznews.kz.
 

Жетісай аудандық прокуратурасы жүргізген тексеріс нәтижесінде мемлекеттік сатып алу аясында алынған 28 пәтердің ешқайсысы техникалық талаптарға сәйкес келмейтіні анықталды. Аталған үйлердің ішкі және сыртқы құрылыс жұмыстары толық аяқталмаған.

Соған қарамастан, бұл нысандар толық дайын деп қабылданып, мердігер ұйымға қаражат толық көлемде аударылған. Яғни, іс жүзінде аяқталмаған баспаналар үшін бюджеттен толық төлем жүргізілген.

Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде заңсыз жұмсалған 200 миллион теңге жергілікті бюджетке қайтарылды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.