Алматыда Төле би мен Саин көшелерін ұзарту жұмыстары аяқталады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Түркістанда дәрігерлер жасөспірім қыздың асқазанынан 1 келіге жуық шаш түйінін алды

Түркістанда дәрігерлер жасөспірім қыздың асқазанынан 1 келіге жуық шаш түйінін алды
Фотоиллюстрация: Kznews

Түркістан қаласында дәрігерлер сирек кездесетін әрі күрделі операция жасап, жасөспірім қыздың асқазанынан салмағы шамамен 900 грамм болатын трихобезоарды алып шықты. Науқас ауруханаға шұғыл жағдайда жеткізілген, деп хабарлайды kznews.kz.

Қыз бала өзін жайсыз сезініп, жағдайы күрт нашарлаған соң стационарға түскен. Тексеру барысында мамандар оның асқазанынан ірі бөгде зат барын анықтады.

Түркістан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, операция кезінде дәрігерлер асқазаннан тығыз жиналған шаш түйінін (трихобезоар) сәтті алып шыққан. Оның салмағы шамамен 900 грамм болған.

Дәрігерлердің айтуынша, мұндай жағдайлар медицина тәжірибесінде өте сирек кездеседі. Шаш асқазанда қорытылмайды, уақыт өте келе жиналып, қатты түйінге айналуы мүмкін. Уақытында ем көрсетілмесе ауыр асқынуларға әкелуі ықтимал.

Қазіргі таңда қыздың жағдайы тұрақты, дәрігерлердің бақылауында.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.